ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»: ҰЛТТЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ

20:47, 28 желтоқсан 2018

Белгілі француз философы - Реми Хесс, әлеуметтану ғылымының ең беделді өкілі - Джордж Ритцер және андрополог ғалым - Алан Барнардтың еңбектерін енді қазақи аудитория кеңінен танитын болады. Әлемдік гуманитарлық ғылым бұрын-соңды мұндай көлемде аударылған жоқ. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ұстаздары «100 жаңа оқулық» жобасы жайлы осындай ой айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бұл игі бастамаларды ұлттың ұзақ мерзімді даму жоспарына балайды оқытушылар

Елбасы «Жаңа гуманитарлық білім» қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыруды өткен жылы тапсырған. Бұл мақсатта Астана қаласында ұлттық бюро құрылып, оған 200-ден аса маман жұмылдырылды. Еліміздегі жоғары оқу орнының білікті оқытушылары мен аудармашыларынан құралған топ әлемнің үздік саналатын 20-ға жуық кітаптарының түпнұсқасын ана тіліне аударды. Қазір олармен қазақ жастары жақын таныс

Әлемдегі ең үздік оқулықтардың қазақ тіліне тәржімаланған нұсқасы биылғы оқу жылында білім беру бағдарламасына енгізілді. Яғни, оқытушылар жоғары оқу орынының студенттерін сол кітаптармен оқытып, кәсіби білікті маман даярлап жүргендерін жеткізді. 

Қазақ тіліне қазіргі күні 18 жаңа оқулық аударылған. Олардың әрқайсысы 10 мың данамен жарық көрген екен. Алдағы уақытта бұл кітаптар латын графикасымен басылып шығады. Әлемдік ғалымдардың тарих, экономика және психология бағытында аударылған оқулықтары барлық университеттерге тегін таратылады.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛУЫ ТИІС
20:43, 10 сәуір 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛ...
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
18:08, 22 ақпан 2019
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСТІ
20:35, 7 ақпан 2019
«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...