ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР...

20:41, 13 мамыр 2019

Өңірімізде ұлттық спорт түрлері жылма жыл дамып келеді. Соның бірі, Қарабалық ауданында өткен ат жарысын айтуға болады. 20 шақты арнайы бапталған тұлпарлар қанша шақырымды бағындырды және жеңімпаз кім? Бауыржан Қасымхан аламан бәйгені тамашалады.

Жиналған жұртты аудан әкімі ат спорты жеңіс күніне орай өтуімен құттықтап, бәйге жолында бақ сынайтын шабандоздарға ақ жол тіледі.  

Жылқы десе, жеген асын жерге қоятын, дода десе, делебесі қозатын дүйім жұрт Қарабалық өлкесінде өрбіген ат жарысқа тайлы-тұяғы қалмай түгел келді.  Бәрі бәйгені тамашалау үшін осында жиналған. Бұл – біздің өңірде ат спортының қарқын алып келе жатқандығының айқын дәлелі дейді ұйымдастырушылар.
 

Дүбірлі додаға Қарабалық ауданының дүлділдері ғана емес, облыс аумақтарынан арнайы келген арғымақтар да қатысты. Облыстың үздік деген тұлпарлары тартысқан бәйгеге барлығы 20-ға жуық ат бапталған. Қаумалаған көпшіліктің күткені – топ бәйге. Онда   10-ға жуық жылқы 10 шақырымды бағындырды. Жанкүйерлер қызықты қойылымның қайталанбас сәттерін қалт жіберіп алмас үшін мәреге жақынырақ ойысып, ыңғайланып отырыса түсті. Сөйтіп, бірнеше айналымнан соң “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” үздіктер іріктеліп шыға бастады. Нәтижесінде Қостанай ауданының шабаңдозы мен оның «Нәсіп» есімді тұлпары топ жарды.  Екінші болып Майкөл ауылының сәйгүлігі келсе, үштікті Қарабалық ауданы   түйіндеді.  Олар аудан  әкімі қолынан арнайы марапаттарға ие болды.Сондай-ақ,  құнан бәйгенің бас жүлдесін Қарабалық ауданы иеленді

Қазақ қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Ендеше ендігі парыз келешек ұрпаққа аманат ету.

Тақырып бойынша материалдар

МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
20:27, 20 мамыр 2019
МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...