ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

20:45, 14 наурыз 2019

Облыстық жасөспірімдер үйінде жаңа спорт зал ашылып, жастардың игілігіне берілді. Елбасымыздың «Жастар жылы» бастамасы осылайша игі істердің жаршысы болып отыр. Заманауи жабдықталған зал бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізбек. Кейінгі толқын өкілдері осылай дейді.

Ұзақ жылдар бос тұрған мына бөлме қостанайлық кәсіпкерлердің демеушілігімен қайта қалыпқа келтіріліп, заманауи спорттық жабдықпен толыққан. Бұл спорт бөлмесінде жасөспірімдер үйінің балалары үшін барлық жағдай жасалған. Кәсіби доптар, арнайы киім шешетін бөлмелер, бәрі де заман талабына сай. Ойынға қажетті құрал-жабдықтардан да мұқтаждық жоқ. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі – Рая Зыкова жастар үшін жасалып жатқан игі істерге алғыстан басқа айтары жоқ.

Есігін айқара ашқан спорттық бөлме  салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа баулитын тәрбие ошағы. Жиналған қалың жұрт келешекте қазақ спортын әлемге паш етер тұлғалар дәл осы босағадан түлеп ұшатынына сенімді. Бұл орайда, жасөспірімдер үйінің басшысы жомарт жүректі ел ағаларына алғысын жеткізді.

Жаңа залдың салтанатты ашылуында айтылған игі тілектерден соң, жасөспірімдер үйінің балғындары өз өнерлерін ортаға салды. Бұл жастар жылы атқарылған жұмыстардың тек бастамасы ғана дейді, жасөспірімдер үйінің басшысы.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар