ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

20:26, 13 қаңтар 2021

Қазақта атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрлері көп. Солардың бірі ат спорты. Облыста 2018 жылдан бастап балалар және жасөспірімдер ұлттық спорт мектебі жұмыс істеп келеді. Бұл орталықтың басты мақсаты жастар арасында осы спорт түрін дамыту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. 400 ден астам оқушы білім алатын бұл мектепте ат спорты бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Тілшіміз біліп қайтты.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өмірінде аттың алар орны ерекше. Қазақ жылқыны ер қанат – ат деп нақылдап, жеті қазынаның біріне қосады. Ал осы жануармен байланысты қаншама салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз астасып жатыр.Ұлттық спортымызды дамытып жүрген облыстағы балалар және жасөспірімдер ұлттық спорт мектебі жұмысымен жақынырақ танысу үшін осында келдік.Сонымен, ат спортының аяқ алысы қалай?

Бүгінде бұл спортқа жастардың қызығушылығы жоғары. Ринат Ертас 6 жасынан бастап атқа міне бастағанын айтады. Аз уақыттың ішінде жүлделі орындарды иемденген боз бала алдағы уақытта әкесінің жолын қуып, шабандоз болуды армандайды.

Көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу. Ертеден кележатқан бізге мәлім ат спортының түрлері. Бұл мектепте оқушылар текке атқа мініп қана қоймай, барлық спорт түрінің тарихын біліп, ептілікті үйренеді. Карантиндік шаралар аяқталған соң, оқушылар санын арттырып, түрлі жарыстарда ұйымдастырамыз, дейді жауапты сала қызметкерлері.

Тақырып бойынша материалдар

«ДИНАМО» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚОҒАМЫНА 95 ЖЫЛ!
20:15, 23 желтоқсан 2020
«ДИНАМО» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚОҒАМЫНА 95 ЖЫЛ!
Толығырақ...
А. МҰХАМБЕТОВ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТПАҚ
20:18, 3 желтоқсан 2020
А. МҰХАМБЕТОВ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БРАКОНЬЕРЛЕРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
20:40, 18 қаңтар 2021
ОБЛЫСТА БРАКОНЬЕРЛЕРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...