ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«ТЫҢ – ЦЕЛИНА 2019» СПАРТАКИАДАСЫ

20:55, 12 тамыз 2019

Тың Целина-2019 34-ші облыстық спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Спортшылар үш күн бойы өзара үздігін анықтады. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі белгілі болғаннан кейін Қамысты ауданы келесі жылғы кіші Олимпиада ойындарын өткізу құрметіне ие болды.

34- – ші спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі күмбірлеген қазақтың күйі мен мың бұралған бишілердің өнерінен бастау алды. Астықты атыраптың әр ауданының ең мықты өрендерінен құралған 20 команда өз өңірінің  туын желбіретіп орталық стадионның алаңын бір айналып өтті. Ендігі кезекте спорттың 18 түрі бойынша тартысқа түсіп, туған өлкесінің намысын қорғамақ. Құттықтау сөзін алғашқылардың бірі болып облыс басшысы алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өте әсемді өткен салатанатты ашылу рәсімінен кейін келесі күні спортшылар бас жүлдеге таласты қыздыра түсті.алғашқы болып күрес түрлері пен жеңіл атлектиадан жарыстар өткен болатын. Спортшылар  аудан орталығындағы «Горняк» стадионында бақ сынады.

Жалпы 34-ші спартакиада ойындары бағдарламасына 18 спорт түрі енді. Ұйымдастырушылар  жанкүйерлердің ығайына қарай спорттық іс-шараларды бір-біріне жақын жерлерде өткізді.

Тұтастай алғанда спортшылар үш күн бойы шеберлік байқасты. Нәтижесінде 34-ші кіші Олимпиада ойындарында облыс орталығының өкілдері алдына жан салмады. Ал рудныйлықтар екінші сатыға табан тіреді. Ал жарыс иелері үшінші орынды місе тұтты.

Жарыс соңынджа барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары марапттады. Одан кейін спартакиада алауы салтанатты түрде Қамысты ауданына берілді. Осылайша 35-шы кіші Олимпиада ойындарын Қамысты ауданы  қабылдайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ТРИАТЛОН ҮЗДІКТЕРІ БАС ҚОСТЫ
20:47, 29 шілде 2019
ҚОСТАНАЙДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ТРИАТЛОН ҮЗДІКТЕРІ БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...