ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

21:13, 1 желтоқсан 2019

Жас чемпиондар мекені. Ұзынкөл ауданының Ершов ауылында 2002 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында гір спортынан облыстық турнир өтті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған жарыста өңірдің бес аудан, екі қаласынан жүзге тарта спортшы бақ сынады.

Турнир қатысушыларына төр ұсынған – Ершов орта мектебі. Оның таңдалуы бекер емес. Бірінші себеп – бұл мектепте ауданның ғана емес, облыстың намысын қорғап жүрген оқушылар бар. Спортқа қызыға бастаған балдырғандар Артем Мишура, Дамир Байжанов, Андрей Кокоулин сынды чемпиондарға қарап бой түзейді. Ал, екінші себеп – ауыл кәсіпкерлерінің жанашырлығы. Былтыр мұнда «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті серіктестік көмегімен шағын футбол алаңы салынды. Кәсіпкерлер осы турнирге де демеушілік көрсетті. Жарыстың жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

Іс-шара салтанатты түрде ашылып, арнайы шақырылған құрметті қонақтар жас спортшыларға сәттілік тіледі. «Мұндай жарыстар әсіресе ауылдағы жас спортшыларға жігер береді» дейді талай өренді чемпион атандырған бапкер әрі турнирдің бас төрешісі Александр Рудев.

Бұл турнир біреулер үшін алғашқы бәсеке, ал жас та болса халықаралық деңгейді бағындырған шеберлер үшін жаттықтырушыларына бабын сынатып, мықтылығын тағы бір дәлелдейтін мүмкіндік. Мықтылардың бірі – 16 жасар әлем чемпионы Никита Друца. Ол биыл Сербияда ересектер арасында өткен чемпионатта алтын медаль жеңіп алып, рекорд орнатты.

Турнир қорытындысында жалпы командалық есепте Ұзынкөл ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, грамоталармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс дәстүрге айналмақ.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:52, 10 желтоқсан 2019
ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:30, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...