ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Таран ауданы. Аудандық дәстүрлі спорт мерекесі

17:54, 13 шілде 2017

Спартакиада - бұқаралық спортты дамытудың тиімді құралы. Таран ауданының биылғы спорт мерекесі «Тың – целина 2017» жоғары деңгейде өтті. Жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен салынған жаңа спорт алаңында ауданның әр түкпірінен келген спортшыларды бақ сынасты.

Жергілікті жұртшылық арасында дене тәрбиесін насихаттау және спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан спартакиадаға ауылдық округтерден жиналған оннан астам команда қатысты. Олар жыл сайын өрбитін жарысқа жақсы дайындықпен келген. Бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге билік өкілдері де барынша оң жағдай жасап жатқандарын жеткізді. Оған Таран топырағындағы дода дәлел.

Ағымдағы жылы жалауын желбіреткен дәстүрлі додада аудан аумағына қарасты барлық ауылдардан келген командалар спорттың 12 түрі бойынша бақ сынасты. Биылғы спартакиаданың деңгейі жоғары, жылдағыдай жұрт қарасы қалың болды, аса қызықты әрі тартысты өтті деп баға береді аудан аумағындағы ең басты бәсекеге бастамашы болғандар.

Аудандық аламанда алдыңғы қатардан көрінген спортшылар мен командалар алда болатын облыстық спартакиадаға жолдама алды. Осы жарыста жеңіс тұғырына шыққан  тарандықтар  көп кешікпей, кең көлемде өтетін өңірлік тартыста да өлке намысын қолдан бермейміз деп отыр. Ол ойларын орындауға баптары келіскен, тек бақтары жанса болғаны.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қостанайда қыздар футболының FIFA фестивалі өтті
20:43, 15 қараша 2017
Қостанайда қыздар футболының FIFA фестивалі өтті
Толығырақ...
«QAZSPORT» телеарнасы қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді
17:07, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» телеарнасы қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Ұлы дала елі» облыстық фестивалі өтті
13:00, 17 қараша 2017
«Ұлы дала елі» облыстық фестивалі өтті
Толығырақ...
«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқау өтті
20:46, 17 қараша 2017
«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқ...
Толығырақ...