ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

20:55, 18 қазан 2019

Ол тоғызқұмалақтың хас шебері. Талай сайыстарда жүлделі орындар иемденіп, облыстың даңқын асқақтатқан. Қостанайда спорт ардагері Дмитрий Поляковқа құрмет көрсетілді. Оның салаға сіңірген еңбегі ескеріліп, тоғызқұмалақ федерациясының медалі табысталды.

Тоғызқұмалақ – ұлтымыздың асыл мұраларының бірі екені даусыз.Осы ұлттық спортымыздың дамуына көптеген жандар өз үлесін қосты. Тоғызқұмалақ тарихында ойып алар орны бар азаматтардың бірі Дмитрий Поляков. Өмірінің басым бөлігін өңірімізде спорттың дамуы үшін арнаған ел ағасының орны ерекше.

Қай спорт түрінде болмасын спортшының бағының жанбағы бапкеріне байланысты.  Дмитрий Поляков Қазақстан республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Көптеген жылдар бойы шәкірттер тәрбиелеумен де айналысқан.

Зейнеткер жақында 90 жылдық мерейтойын тойлайды. 70 жыл өмірін тоғызқұмалаққа арнағанына еш өкінбейтінін айтады. Артынан ерген шәкірттеріне алғысын білдіріп,көзіне жас та алды.

Ардагер тоғызқұмалақ тарихында болған қызықты оқиғаларымен де бөлісіп әңгіме дүкен құрды.  Соңынан ерген жастарға ақ батасын беріп, алдағы уақытта тек сәттілік тіледі.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...