ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:34, 10 шілде 2018

Биылғы облыстық “Тың-2018” спартакиадасына дайындық барысы қай дәрежеде? Халықты бұқаралық спортпен қамтуда нендей іс-шаралар атқарылуда? Осы және өзге де сұрақтар облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.

Ағымдағы жылы өтетін облыстық 33-ші спартакиада ойындарын қабылдау мәртебесі Лисаковск қаласына бұйырды. Кіші олимпиада тамыз айының 16-сі мен 19-і аралығында спорттың 15 түрінен өтеді. Бүгінде қаладағы спорт кешендері сақадай сай дайын тұр. Қазірдің өзінде жоғары деңгейде жарыстарды өткізуге әбден болады дейді облыстық спорт басқармасының басшысы. Өңірдегі спорт ғимараттарын жөндеп, оларды қалпына келтіру жұмыстары да жалғасын табуда. Жалпы, спартакиаданы өткізуге 44 млн. 700 мың  теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Айта кету керек,  жыл сайын спартакиадаға қатысуға ниет білдіргендердің саны артуда. 2017-ші жылы қатысушылардың саны 42 837 адам болса, бтылғы жылы оның саны 43 мыңнан астам адам қатысапды деп жоспарлануда. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те облыстық жарыстың  жоғары деңгейде өтуін қадап тапсырды. Сондай-ақ, әкім ең басты мақсат – спорттық сайыстардың қорытындысы емес, ең бастысы бұқараны спортқа тартып, салауатты өмір салтын насихаттау екендігін жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРІҢ - ТҰҒЫРЫҢ!
13:17, 12 қыркүйек 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРІҢ - ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...