ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Толығырақ

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ

20:16, 13 қаңтар 2020

Шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен ересектер арасында Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылында ашық чемпионат өтті. Бәсекеде 100-ден астам қатысушы өзара үздігін анықтады. Жеңімпаз деп танылғандары ауданның құрама командасына алынып, облыстық додаларда өнер көрсетеді.

Қостанай жері республика бойынша шаңғы спортынан алдыңғы қатарда. Облыстық спорт басқармасы қысқы спорт түрлеріне соның ішінде шаңғы спортына қомақты үлес қосып келеді. Бүгінде ол бұқаралық сипат алып, ерекше қарқынмен дамуда. Ал салауатты өмір салтын насихаттап, шаңғы тебемін деушілердің саны жылдан-жылға артуда. Шаңғышылардың материалдық-техникалық базасы біршама көтерілген. Ауылдағы спортшылар шаңғыға зәру емес. Нәтижесінде бұл спорт түрі жас бүлдіршіндердің, әсіресе ауыл балаларын ерекше еліктіріп жүр.

Шаңғы жарысынан аудан чемпионаты 100-ге жуық қатысушыны жинады. Ересектер  мен жасөспірімдер 2, 3 және 5 шақырымдық сында өзара үздігін анықтады. Жарыс еркін әдіс бойынша уақытқа жекелей сайыстан өтті. Бұл жарыс жергілікті шаруа қожалығының демеушілігімен өткенін айта кеткен жөн.

Саламатты өмір салтын насихаттап шаңғы тебемін деушілердің саны жылдан-жылға артып келеді. Елбасы мен мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында спорт адамның әрдайым сергек сезінумен бірге оның бойындағы тұла күшін толықтырады делінген. Осыны қаперде ұстағандар еркін  бойынша шаңғы тебуден жарысты.

Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Үздіктер аудан құрамасына іріктелді. Енді олар облыс чемпионатында Ұзынкөл ауданының намысын қорғайтын болады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
20:08, 16 наурыз 2020
НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:27, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...