ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

20:14, 20 ақпан 2020

Қостанайда шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен бойжеткендер арасында жарыс өтті.

Қостанай жері республика бойынша шаңғы спортынан алдыңғы қатарда. Облыстық спорт басқармасы қысқы спорт түрлеріне соның ішінде шаңғы спортына қомақты үлес қосып келеді. Бүгінде ол бұқаралық сипат алып, ерекше қарқынмен дамуда. Ал салауатты өмір салтын насихаттап, шаңғы тебемін деушілердің саны жылдан-жылға артуда. Шаңғышылардың материалдық-техникалық базасы біршама көтерілген. Ауылдағы спортшылар шаңғыға зәру емес. Нәтижесінде бұл спорт түрі жас бүлдіршіндердің, әсіресе ауыл балаларын ерекше еліктіріп жүр.

Шаңғы жарысынан өткен дода 90-ға жуық қатысушыны жинады. Бойжеткендер мен жасөспірімдер 2, 3 және 5 шақырымдық сында өзара үздігін анықтады. Жарыс еркін әдіс бойынша уақытқа жекелей сайыстан өтті.  Бәсеке жоғары деңгейде өтіп, қызыққа толы болады дейді ұйымдастырушылар.

Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Жалпы Қостанай өңірінде мұндай жарыстар жиі өтіп тұрады. Нәтижесі де жетерелік. Себебі спортқа енді қадам басып жатқан шаңғышылар әр өткен сайыста шыңдала түседі.

Тақырып бойынша материалдар

НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
20:08, 16 наурыз 2020
НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар