ШҰҒЫЛ! УАҚЫТТЫ БІР САҒАТ КЕЙІН ШЕГЕРУ ТИІМДІ МЕ? Толығырақ

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20:59, 21 тамыз 2019

Қостанайдағы шахмат клубында «Ладья дружбы» атты облыстық турнир мәреге жетті. Турнирге 40 шахматшылар қатысып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шахмат ойыны - спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет. Сайысқа қатысушылар қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салуда,- дейді ұйымдастырушылар.

Жалпы қатысушылар құрамы халықаралық жарыстарда толағай табыстарға жеткен спортшыларға аз болған жоқ. Шахматтың жілігін шағып, майын ішкен қостанайлық тәжірибелі мамандар мен гроссмейстерлер чемпионатқа жақсы дайындықпен келгендерін айтады.

Тұтастай алғанда ойындар өте қызықты өтті. Жас шахматшылар өздерінің жарысқа қатысуларын кездейсоқ еместігін дәлелдеуге тырысып, небір тамаша ойын комбинацияларын қолданды. Жарыс қорытындысы бойынша,  жеңімпаздар кубок және медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тақырып бойынша материалдар

ИВАН ДЫЧКО ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ
20:17, 13 ақпан 2020
ИВАН ДЫЧКО ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
20:24, 17 ақпан 2020
Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Толығырақ...