ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

20:50, 18 қараша 2019

Қостанай өңірінің экономикалық тергеу департамент қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Спорттық сайыста 50-ге жуық әуесқой спортшылар бақ сынасты. Олар спорттық 2 түрінен өзара мықтыны анықтады.

Шағын футбол және шахмат. Осы екі спорт түрінен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының қаржы мониторингі органдары саласының қызметкерлері бақ сынасты. Алғаш рет өткізілген спарткиада, енді дәстүрге айналмақ. Бұл ұйымдастырушылардың жоспары.

Бірлікке шақыратын шараның берері мол. Өйткені қызметкерлер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып командамен сайысқа түседі. Ауызбіршіліктерін нығайтады. Сонымен қатар өзара достықты қалыптастыруға сеп болады,-дейді жарысқа қатысушылар.

Сайыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен жекелей жүлде берілді. Жеңіске  жеткен командалар кубокқа қол жеткізіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар