ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20:39, 2 наурыз 2020

Шаңғы спортынан облыстық фестиваль өз мәресіне жетті. 500-ге жуық шаңғышы нөмірі үшініші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аумағында сынға түсті. Біріншілік еркін және классикалық әдіс бойынша өтті.

Ақтық сынның өту мерзімі бұған дейін бірнеше рет кейінге шегерілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты. Дегенмен бұл жолы қатысушылар мен жанкүйерлер үшін күн райы жақсы мінез танытты. 14-ші мәрте жалауын көтерген бәсекеге облыстың әр аймағынан 20 команда жиналды.

Бастапқыда аудандар мен қалалардағы іріктеу кезеңдерінде 14 мыңға жуық шаңғышы қатысыпты. Осылайша үздік атанғандар облыс орталығында бас қосып өзара мықтыны анықтады. Алғашқы болып 3 шақырымды құраған еркін әдісте қатысушылар бәсеке көрігін қыздырды.Николай Лелик шаңғымен кәсіби тұрғыда айналысқысы келеді. Кішкентай кезінен спортты серік еткен ол бұндай фестивальдер бұқаралық спортты дамытуға үлкен серпін береді деп есептейді.

Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Үздіктер облыс құрамасына іріктелді. Енді олар Қазақстан чемпионатында Тобыл өңірінің намысын қорғайтын болады.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...