ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ШАҢҒЫ ФЕСТИВАЛІ

20:50, 1 наурыз 2019

Шаңғы спортынан облыстық фестиваль бастау алды. Шаңғыларын арқалаған 1000-нан астам шаңғышы нөмірі үшініші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аумағында сынға түсті. Біріншілік еркін және классикалық әдіс бойынша өтуде.

Денсаулық – шаңғы фестивалі” жылда өтетін дәстүрлі шара. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері Қостанай облысы бойынша департамент басшысы Салауат Мүксімов те шаңғы фестиваліне арнайы келіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Облыста шаңғы спортының бұқаралық сипат алып ерекше қарқынмен дамығаны байқалады. Саламатты өмір салтын насихаттап шаңғы тебемін деушілердің саны жылдан-жылға артып келеді. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында спорт адамның әрдайым сергек сезінумен бірге оның бойындағы тұла күшін толықтырады делінген. Осыны қаперде ұстағандар еркін және классикалық әдіс бойынша шаңғы тебуден жарысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары да , аталмыш спорттық фестивалге қатысты.

Шаңғы марафонының қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді. Оған дәлел биыл 1000-ға жуық шаңғышылар қатысты.

Облыстық фестиваль жыл сайын үш кезеңде өтеді. Біріншісі аудандық кезең. Үздіктері обылстық фестивалға жолдама алады.  Қатысушылар саны   жылдан жылға көбейіп келеді. Елбасы тапсырмасына сай, 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 30 пайызы ұдайы спортпен айналысуы тиіс. Бізде бұл көрсеткіш өте жоғары. Яғни, өңір тұрғындары спортпен айналысуда белсенді дейді ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша материалдар

МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
20:27, 20 мамыр 2019
МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...