ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЛУБТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

15:23, 12 ақпан 2019

Спорттық инфрақұрылымдар – бұқара игілігі үшін. Қостанайға облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің шақыруымен қазақстандық клубтардың өкілдері келді. Меймандар бүгін кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиналысына қатысып, Лига құрамына жаңа мүшелерді қосу мәселелерін қарастырды. «Тобыл» футбол клубының инфрақұрылым нысандарын аралады.

Кәсіпқой футбол лигасының басшылары және ҚР премьер лигасының бірінші және екенші лига клубтарының директорлары ең әуелі Футбол академиясында барды. Футболшылардың  тұрақтайтын орындары соңғы үлгіге сай жабдықталған. Мұнда спортшылардың жаттығуына  тиісті жағдай жасалынған.  Сәні мен сәулеті алыстан көз тартатын спорттық  нысан  биыл  пайдалануға берілмек.

Кәсіпқой футбол лигасының басшылары бастаған делегация бұдан кейін былтыр жөндеуден өткен орталық стадионға бас сұқты. Стадион нағыз заманауи талаптарға сай.  Жүгіретін жолдар жөнделді. Киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылды.  Қалпына келтіру шараларынан кейін  нысанда жанкүйерлерге арналған орындардың саны сегіз мың алты жүз орынға  дейін    кеңейтілді.    Жоба құны 1 млрд, 300 млн теңгеге бағаланған. Архимед Мұхамбетов мәртебелі меймандарды  «Береке» шағын ауданындағы  футбол манежінің жұмысымен таныстырды. Мемлекеттік және жекеменшік  әріптестік аясында салынған спорттық нысан УЕФА-ның Еуро-2 талабына жауап береді. Құрылыс жұмыстарына 4 , 2 млрд теңге жұмсалды.

Рудный, Лисаков, Арқалық, қалаларында былтыр спорттық нысандар жаңа кейіпке енді. 2020 жылы Кеншілер   қаласында денешынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Бұнда Хоккей, футбол, баскетбол, волейболға арналған алаңдар   қарастырылмақ. Жоба құны шамамен 2 млрд теңге тұрады. Тұтастай алғанда аймағымызда футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстарға  делегция өкілдері  оң баға берді.

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚ БАРЫСЫ: Т.ЖИЕНТАЕВ КҮМІС БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ
20:35, 29 мамыр 2019
ХАЛЫҚ БАРЫСЫ: Т.ЖИЕНТАЕВ КҮМІС БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...