
Бокстан Иорданияның Амман қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасы бір жолдамаға иелік етті. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қостанайлық спортшы Надежда Рябец Токио ойындарына қатысу мүмкіндігін алып отыр.
Айта кетелік, Аммандағы іріктеу турнирінде Қазақстан командасы тоғыз жолдама жеңіп алды. Олар: Сәкен Бибосынов,Серік Теміржанов, Зәкір Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев және Надежда Рябец.Жас спортшы қыз өткен демалыста туған жеріне келді. Оны жақындары, достары және жанкүйерлері күтіп алды.