ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ

20:12, 17 қаңтар 2020

Жас футболшыларға жаңа мүмкіндік. Енді қостанайлық жастар «Тобыл арена» футбол манежнде шеберліктерін шыңдайтын болады.Бұған дейін балалар Гашека көшесіндегі футбол академиясының базасында дайындалған. Енді кесте бойынша футбол манежнде бір уақытта 4 топқа дейін дайындық жүргізе алады.

Тар жердегі жаттығулар енді ұмыт болды.Жас футболшылар жаңа алаңда жаттығуларын бастап кетті. Енді мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар аптасына 3 рет өз шеберліктерін шыңдап, емін еркін доп тебетін болады.Осындай мүмкіндіктен кейін  біздің спортшылар жоғары нәтиже көрсететініне сенімдімін- дейді жаттықтырушы Алексей Барлыбаев

Үлкен алаңда дайындықты бастаған кішкентай спортшылардың қуанышында шек жоқ.Күнде дайындық болса екен дейді. Болашақ футбол чемпиондары мұндай мүмкіндік үшін аға буын өкілдеріне алғыстарын айтады.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Футбол академиясының балалары қыстың суығында далада орналасқан алаңда жаттығу жасаған. Суық кезде далада ауа температураы -20-25 градусқа дейін төмендейтін. Енді бұл қиындықтардың бәрі артта қалды.Жеткіншіктер жыл бойы,жылы жерде жаттығатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...