ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ САМБОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

20:45, 8 қараша 2018

Қарағанды облысында самбодан осымен екінші мәрте Жарылғап батырды еске алуға арналған турнир өтті. Биылғы шараға Қырғыз елінен палуандар келген. Халықаралық жарыстың жыл сайын маңызы мен рөлі артуда. Келер жылғы жарысқа Тәжікстан мен Өзбекстан палуандары қатысамыз деп қызығушылық танытқан көрінеді. Бұл турнирге Қостанай облысының самбошылары да қатысты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Халықаралық жарыста өңіріміздің  атынан 4 самбошы қатысты. Олардың екеуі жүлделі орындарға ие болды. Жалпы самбо ережесінде біздің қанымызға әбден сіңіскен, күрестің де, бокстың да элементтері көп. Бүгін соның арқасында, самбо спорты еліміздің барлық өңірлерінде қарқынды дамып жатыр. Әсіресе, Алматы, Астана ,Қарағанды және Қостанайдың құрамалры ішкі чемпионаттарда жоғары орындардан жиі көрінетіндер дейді самбо күресінен бапкер Иван Сорокин.

Байрақты бәсекеде топ жарғандар спорт шеберлігіне үміткер атағына қол жеткізеді. Сондай-ақ өзге де үлкен жарыстарға жолдама алады. Ал, жарысты ұйымдастырушылар келер жылғы байрақты бәсекені биылғыдан да ауқымды етіп өткізуід жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫҚ ШЫҢҒА ӨРМЕЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:51, 15 наурыз 2019
СПОРТТЫҚ ШЫҢҒА ӨРМЕЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар