ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ТРИАТЛОН ҮЗДІКТЕРІ БАС ҚОСТЫ

20:47, 29 шілде 2019

Қостанайда Триатлоннан ашық облыс кубогі өтіп, онда спортшылардың жаңа деңгейге көтерілу жолдамасы сарапқа салынды. Жарысқа 7 өңірден келген мықты деген спортшылар қатысты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында Қостанай облысы триатлон федерациясының кубогы үшін ашық жарыс өтті. Ауқымды додаға Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Шымкент, Алматы, Павлодар, Теміртау және Орал қалаларынан спортшылар келді. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
 

Иа, оған дәлел де бар. Демеушілердің есебінен, облысмыздың триатлоншыларына су жана шағын автобус сыйға берілді. Ал Республикалық чемпионатта Қазақстанның әр өңірінен жиналған 50-ден астам спортшы өзара бақ сынады. Жарыс шарты бойынша олар 750 метр қашықтықта суда жүзіп, 20 километр веложарысқа түсіп, 5 шақырымды жүгіріп өтті. Қатысушылар жас шамаларына қарай бірнеше топтарға бөлінген.

Жарысқа 18-65 жас аралығында спортшылар қатыстырылды. Олардың дені жеке велосипедтерін алып келген. Айта кетейік, триатлонға екі бойжеткен қатысты. Қостанай тұрғындары Алматы марафон қауымдастығының директоры Салтанат Қазыбаева мен теміртаулық Инна Вишняковаға жанкүйер болды. Триатлон жеңімпазы – қостанайлық Вячеслав Гаранин. Ол мәреге 2 сағат, 24 минут, 49 секундта жетті.
 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА СУДА ЖҮЗУДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
20:30, 14 қаңтар 2020
ҚОСТАНАЙДА СУДА ЖҮЗУДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар