ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ТАЭКВОНДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ АЯҚТАЛДЫ

20:43, 22 сәуір 2019

Таэквондо Олимпиада ойындарына кірген спорт болғандықтан, қызығушылық өте жоғары. Осыған орай Қостанайда таэквондадан облыстық ашық чемпионат өтті . Екі күнге ұласқан байрақты бәсекеде еліміздің 4 облысынан келген 255 ке жуық спортшы өз намыстарын қорғады.

Қостанайда жалауын көтерген дүбірлі дода алғаш рет өткізілуде.Жарыста еліміздің 4 қаласынан, атап айтқанда Нұр-Сұлтан,Көкшетау, Ақтөбе және Қостанай қалаларынан 255 ке жуық жас спортшылар өз өнерлерін ортаға салды. Қостанай спорт басқармасының қолдауымен өткен жарыс 2 күнге жалғасты.

Қостанайлық спортшылар қажырлы еңбек, ұтымды тактика, ата-аналарының қолдауының арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Спортшыларымыздың саны аз болғанымен, медальдарды молынан ұтты.Командалық есепте бірінші орынды Қостанай спортшылары иеленсе, екінші орынға Ақтөбе,үшінші орынды көкшетаулық жас спортшылар иеленді.

Жастарымыздың арасында жат әрекеттерді болдырмай салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеудін басты құралы спорт екені белгілі. Жас талғамайтын шығыс жекпе жегімен еңбектеген  баладан еңкейген кәріге дейін айналыса алады.Айта кетейік осы чемпионатта бәсі басым болғандар республика құрамасына өтіп, әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Мамандардың айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтті.
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...