ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

20:23, 23 қаңтар 2020

Өңірімізде 17 жасқа дейінгі ұл қыздар арасында ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты бастау алды. Еліміздің 17 аймағынан келген жас спортшылары 5 күн бойы өзара зіл темір көтеруден бақтарын сынайтын болады

28 қаңтарға дейін созылатын ел біріншілігіне республиканың 14 облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан спортшылар қатысуда. Елішілік додаға кіл сайдың тасындай 257 жасөспірімдер келді. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара тартысқа түспек.

Дәстүрге айналған дүбірлі додада Қостанай намысын 24 спортшымыз қорғайтын болады. Жаттықтырушы Сергей Коршиковтың айтуынша бұл жарыстың спортшыларымыз үшін маңызы зор. Себебі жеңісті тұғырдан көрінген жастарға алда үлкен жарыстарға баруға жолдама берілетін болады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрамаға қабылданып, ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Ендігі кезекте, әлем және Азия чемпионаттарында, олимпиада  ойындарында Қазақ елінің намысын қорғайтын осы жастар болары сөзсіз.
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...