ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КИКБОКСИНГТЕН ІРІКТЕУ САЙЫСЫ

18:30, 5 наурыз 2020

Қостанай өңірінде тұңғыш рет кикбоксингтен іріктеу сайыстары өтті. Өз елімізден шыққан даңқты кикбокс спортының жаттықтырушыларын еске алуға арналған турнирге еліміздің барлық дерлік облыстарынан мықты деген спортшылар қатысты. Осы сайыстардан үздік шыққандардан әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алатын құрама команда жасақталады.

Бүгінгі бәсекелі сайыстар 12 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Олардың әрқайсысына төрттен спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыстың бұл түрінде күш пен ептілік, төзімділік ерекше бағаланады. Жаттықтырушылардың пікірінше, мұндай жарыстар  спортшылардың, әсіресе жастардың жеңіске деген ерік-жігерін шыңдайды. Сондықтан кикбоксингті жастар арасында кеңінен насихаттау үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Қуантатыны қазіргі күні елімізде кикбоксинг жақсы дамып келеді, барлық облыстарда кикбоксинг үйірмелері ашылып, таланы бар спортшыларға жол ашылуда.

Турнирге Қазақстан чемпионатында 1-4 орындарға ие болған спортшылар қатысуда. Олардың арасында еліміздің үздік кикбоксшылары да бар. 2019 жылы қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық құрамда Әлем чемпионатында Ресейден кейін екінші орынды иеленді. Біздің спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлдені қанжығаларына байлады. Биылғы жылы осы көрсеткішті жаңартамыз деп отыр спортшылар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...