ШҰҒЫЛ! ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ Толығырақ

ҒАБИТ БАЛҒЫНБАЕВ - «ҚОСТАНАЙ ҚЫРАНЫ» - 2019

20:43, 24 сәуір 2019

Қостанай қыраны» атанған балуанның есімі белгілі болды. Жыл басынан бері ұйымдастырылған іріктеу кезеңдерінде сүрінбеген қазақ күресінің майталмандары «балалар және жасөспірімдер» спорт мектебінің боз кілемінде өнер көрсетті. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында төл өнерімізден Тобыл өңірі намысын қорғайтын кімдер? Оны келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

Қазақ күресінен осымен аймағымызда тоғызыншы рет ұйымдастырылған «Қостанай қыраны» турнирі республикалық маңызы зор «Қазақстан Барысы» жарысына іріктеу ретінде өтті.  Жеңісті әр аудан мен қаладан келген балуандар сарапқа салды. Бұған дейін ауылдық және аудандық деңгейде іріктеулерден сүрінбегендер бұл жолы барын салып бағуға тырысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сыйлығына таласуға Қостанай облысынан 20ға жуық  палуаны ниеғт білдіріпті. Жанкүйерлердің қуанышына орай әрқайсысы боз кілемде талай рет өнер көрсетіп, еліміздің болсын, халықаралық дүбірлі додаларды талай бағындырғандар.

Финалдық кезеңде  Ғабит Балғынбаев пен  мен Амангелді ауданының атынан шыққан Асылбек Абдиров екеуі боз кілемде белдесті. Қос қарсылас бірін – бірі ала алмай, жоғары дәрежедегі күрес көрсете білді. Дегенмен, мында тек бір-ақ белбеу сарапқа салынды. Абсолюттік салмақ дәрежесіндегі өнер көрсететін, Ғабит Балғынбаев, жеңісті жұлып әкетіп  «Қостанай қыраны» атанғын жеңіп алды.  Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев жарыстың куәсі атанып, жеңіс тұғырынан көрінген балуандарды өзі марапаттады.  

Турнир чемпионына  арнайы  алтын белбеу мен 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табысталды. Ал екінші орынға ие болған Асылбек Абировке күміс белбеу мен 150 мың тенге қаражат табыс етілді.

Қос спортшы  «Казақстан Барысы-2019» турнирінде Қостанай  намысын қорғайтын болады. Оларға артылатын үміт зор. Түйе балуандарымыз шілде айында өтетін республикалық чемпионатқа аттанады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕЦЕНАТ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
20:14, 16 тамыз 2019
МЕЦЕНАТ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
20:42, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...