ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ЕУРОПА-АЗИЯ» АЙМАҚТЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ

21:05, 19 қыркүйек 2019

Қостанайда «Еуропа-Азия» аймақтық туристік фестивалі басталды. Дәстүрге айналған шараға тобылдықтардан бөлек, қазақстанның өзге өңірлері мен көршілес Ресей елінен келген командалар да қатысуда. Олар түрлі сайыстар бойынша өзара бақ сынаспақ.

«Еуропа-Азия» аймақтық туристік фестивалінің басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Туристік-өлкетану құралдары арқылы мектеп оқушыларының білім сапасын көтеруге, жасөспірімдер арасында туристік және спорттық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Шараға өз өнерлерін көрсетіп, өзгенің озық тәжрибесін үйренуге келген 15 команда қатысуда. 13 команда облысымыздың түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдер болса екеуі Түркістан облысы және Челябі қаласынан.

Жасөспірімдер спорттық бағдарлау, аспаздық және кросс-жорық қашықтықтарын бағындыру мен түрлі конкурстық бағдарламалар бойынша бақтарын сынады. Командалардың өте жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендері байқалды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығының қолдауымен өткен фестиваль 21 қыркүйек күні мәреге жететін болады. Сонымен қатар, топтық ұпай бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі сыйлықтар табысталатын болады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...