ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

20:11, 22 шілде 2019

Қостанай облысында орналасқан 6697 әскери бөлімінің спорттық алаңында регби спорт түрінен турнир өтті. Жарысқа Қарағанды,Ақтау және басқа облыстардан 9 команда келіп қатысты. Тартысты ойында жүзден жүйрік шыққан кімдер? Әріптесімнің бейнематериалынан білейік.

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға 6697 әскери  бөлімі мен спорт басқармасы мұрындық болды.  Биыл осымен 2-ші жыл көрініс табуда.  Жарысқа республиканың бірнеше өңірінен  9 команда  бақтарын  сынасты.   Осындай әскери-патриоттық шаралардың   жастар үшін маңызы зор,-  дейді сала мамандары. 

Елімізде қорғаныс саласын  дамытуға  көңіл бөлініп келеді. Әсіресе жастар арасында  әскери мамандықты дәріптеуге  басымдық берілген.    Бұл іс шара осы сөзіміздің  айқын дәлелі. Басты  мақсат –  сарбаздардың   әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

6697 әскери бөлімінің құрамасы тартысты  ойыннан кейін «Орталық» өңірлік қолбасшылығы өткізетін спорттық сайыста бақтарын сынамақ. Ендеше,  жауынгерлемізге сәттілік тілейміз.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА СУДА ЖҮЗУДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
20:30, 14 қаңтар 2020
ҚОСТАНАЙДА СУДА ЖҮЗУДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар