ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Ерлан Омаров – әлем чемпионы!

20:52, 10 қазан 2017

Қазақ күресінен Беларусь елінің бас қаласы Минскіде әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ислам Әбішев басқаратын Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жетінші рет өткізіп жатқан әлем чемпионатына 45 елден балуандар қатысты. Ерлер арасындағы сайыс аса тартысты өтті. Әлем додасында қостанайлық Ерлан Омаров топ жарып, алтын медаль тақты. Жеңістің ең биік тұғырына көтерілген дарабоз спортшы жерлесіміз жайлы келесі бейнематериалда.

Әлем чемпионы. Дәл осы атақты еншілеу үшін  Ерлан Омаров аянбай тер төгіп, күні – түні тынбай жаттықты.  Бейсен Әубәкіровтың баптауымен талантты спортшы, талай асуларды бағындырып жүр. Алайда, бұл атаққа өңір тарихында, ешкім қол жеткізген емес.  «Қазақстан барысы» мен «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі додалардан кейін, әлем біріншілігіне қатысу, оңай болған жоқ, алайда міндетім ел намысын абыроймен қорғау болды дейді ол.

"Біріккен күресі әлемінің" күнтізбелік жоспарына сай өткізіліп отырған жетінші әлем чемпионатына қатысушы елдер талантты балуандарын әкеп салды.  Үндістаннан келген балуандар, Африка құрлығынан келген спортшылар қазақ күресін әжептәуір меңгеріп қалғанын байқатты. Азия мен Еуропа құрлығынан, Бразилиядан келгендер де шеберліктерін паш етіп күресті.  Алайда, үздіктердің үздігі атану мен үшін, қуаныш дейді, чемпион.

Ерлан  алғашқы айналымда Польша мен Қытай спортшыларын ұтты. Содан соң тәжірибелі әзірбайжандықпен шығып айласын асыра алды. Бағы жанған спорт жартылай финалда латвиялық балуанды жеңді. Ал, финалда атақты ресейлік, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Рослаковты, тізе бүктүріп алтын алқа тақты.

Мұндай жетістікті астық өлкенің спорт сүйер қауымы, бапкерлер ұжымы зор көрсеткіш деп біледі. Алдағы, кіші буын спортшыларға нағыз үлгі осы болмақ. Жарақатына қарамастан балуанымыз, қайсарлық пен жігерліктің арқасында сындарлы сәтте сағы сынбай, көк туымызды желбіретіп, ел абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Ендеше, саңлағымызға  алдағы сайыстарда тек сәттілік тілейміз!

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ГРЕК – РИМ ШЕБЕРІ ӘЛЕМ ДОДАСЫНАН  ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
18:07, 11 шілде 2018
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ГРЕК – РИМ ШЕБЕРІ ӘЛЕМ ДОДАСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ...
Толығырақ...
СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
20:34, 10 шілде 2018
СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...