ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

20:36, 7 ақпан 2020

Қостанайда дзюдо күресінен ұлдар мен қыздар арасында додалы бәсеке – Қазақстан чемпионаты басталды. Оған еліміздің 400-ден астам спортшысы қатысуда. Бұл жарыста бақ сынап жатқан спортшылар Азия және өзге де халықаралық чемпионаттарға жолдаманы жеңіп алмақ.

2003-2004 жылдар аралығындағы Қазақстан чемпионатына еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары жиналды. Олар 7 түрлі салмақ бойынша өз арасындағы жеңімпазды анықтамақ. Байрақты бәсекенің Қостанай жерінде өтуі бекер емес. Өйткені, бұл өңірден шыққан айтулы спортшылар соңғы уақытта ел намысын өзге елде қорғап жүр. Сондай-ақ, инфрақұрылым да талапқа сай. Ал жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дзюдо -  жапондықтардың ұлттық күрес түрі саналса да, өзге де ұлт өкілдері дүбірлі додаларда күншығыс елінің спортшыларынан айласын асырып жатады. Сондықтан аталмыш жекпе-жек әлем бойынша танымал спорттардың тізімінде. Ал Қостанай  қаласында төселген татами осы айтқан сөзіміздің айқын дәлелі бола алады.

Татами төріңде күресіп жатқан дзюдошыларды спорт шеберлері және еңбегі сіңген жаттықтырушылар бағалауда. Бұл жарыста жеңімпаз атанғандар Қазақстан намысын халықаралық ареналарда қорғайтын болады. Чемпионат 10-ші ақпанда аяқталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...