ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

20:37, 10 ақпан 2020

Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатының жекелей сайыстары аяқталды.Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 395 дзюдошы қатысқан болатын.Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы медальдар саны жағынан көш бастады.

Үш күнге созылған дүбірлі дода өз мәресіне жетті. Жүйріктер оза шапты,мықтылар анықталды, үздіктер марапатталды.Байрақты бәсекенің Қостанай жерінде өтуі бекер емес. Өйткені өңірімізден шыққан айтулы спортшылар соңғы уақытта ел намысын өзге елде қорғап, биік тұғырлардан көрінуде. Сондай-ақ, инфрақұрылым да талапқа сай.  Жарыстың жабылу салтанатында  облыс әкімі  Архимед Мұхамбетов жеңімпаздарды құттықтап,өңірімізде спорттың қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін үш күнге жалғасқан бәсекеде бағы жанғандар, бабы келіскендер жеңістің биік тұғырынан көрінді. Бапкер болса бап та, бақ та шабады. Ал Садана Райымжанованың бапкері анасы. Дзюдомен айналысқанына көп болмаса да көптеген республикалық, халықаралық жарыстарда  топ жарып үлгерген.

Жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының жекелей сайыстарының нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте медаль саны бойынша Жамбыл облысының құрамасы 4 алтын, 2 қола жүлдеге ие болып көш бастады. Ал екінші орынды 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдені иеленген Алматы облысының балуандары жеңіп алды. Қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдесі бар Қостанай облысы үздік үштікті қорытындылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...