ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

20:45, 4 наурыз 2019

Өңірлік дәрежедегі ресми спорттық шараларға қатыспайтын және оларды елемейтін аудандар бақылауда. Бұл туралы Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтің қатысуымен өткен жиында айтылды. Сондай-ақ, алқалы отырыста өңірдегі спорт саласының былтырғы жылғы қорытындысы сараланып, ағымдағы жылға жоспар талқыланды. Толығырақ, тілші тарқатады.

Өткен жылы өңір бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту үшін 13 млрд 700 млн теңге жұмсалыпты. Осының нәтижесінде халықты бұқаралық спортпен қамтудың үлесі 30 пайыздан асады. Бұл көрсеткіш белгіленген межеден артық орындалып отыр. 

Биылдан бастап балаларды спортқа тарту мақсатында арнайы клубтар ашылу жоспарда бар. Мұндай ұйымдардың жұмысы жасөспірімдерді физикалық тұрғыда дайындауға негізделеді. Талдаудың нәтижесі көрсеткендей, аудан, қалалардың ресми деңгейдегі спорттық бәсекелерге қатысу белсенділігі төмен. Марат Жүндібаев кемшіліктің шешу жолын ұсынды.    

Облыс әкімінің орынбасары көп қаражатты қажет етпейтін, бұқараға қолжетімді «Стрит Воркаут» алаңқайлары көптеп ашылсын деген тапсырма берді.  Сондай-ақ,  Рудный, Лисаков, Арқалық, қалаларында былтыр спорттық нысандар жаңа кейіпке енді. 2020 жылы Кеншілер   қаласында денешынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Бұнда Хоккей, футбол, баскетбол, волейболға арналған алаңдар   қарастырылмақ. Жоба құны шамамен 2 млрд теңге тұрады.

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫҚ ШЫҢҒА ӨРМЕЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:51, 15 наурыз 2019
СПОРТТЫҚ ШЫҢҒА ӨРМЕЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар