ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ДАМУДА

20:48, 30 сәуір 2019

Бұқаралық спорттың қолжетімділігі – дені сау ұлт қалыптастырудың басты шарты. Осындай пікірді берік ұстанған қостанайлық тұрғындар Елбасының бұл мәселені де елеусіз қалдырмауы - көреген саясатының алғышарттарының бірі деп бағалауда. Оған дәлел, өңірде бірнеше маңызы жоғары спорттық нысандар бой көтеріп, үйремілердің ашылуы. Алдағы уақтта да бірнеше ірі жобалар күтіп тұр дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, спортты қолжетімді ете түсу кешенді жоспарды қажет ететін іс. Тұңғыш Президент, бұл орайда, Үкіметке және өңірлердің бірінші басшыларына кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажеттігін қадап айтты.

Рудный қаласында да атқарылар жұмыстың ауқымы кең. 130 мың тұрғынның 41 мыңнан астамы спортпен айналысады. Пайыздық көрсеткіші-32. Бұл қалада салынып жатқан спорттық нысандар мен алаңқайлардың оң әсері.

Елбасының жүктеген тапсырмасы да осы – спортпен шұғылдану үшін бар жағдай қарастырылуы керек. Осыған орай, Рудный, Лисаков, Арқалықта былтыр спорттық нысандар жаңа кейіпке енді. 2020 жылы кеншілер қаласында денешынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Бұнда хоккей, футбол, баскетбол, волейболға арналған алаңдар қарастырылмақ. Жоба құны шамамен 2 млрд теңге тұрады.

Тақырып бойынша материалдар

МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
20:27, 20 мамыр 2019
МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...