ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – БАРШАҒА!

21:09, 6 қыркүйек 2019

Қостанайда велашабандоздардың арнайы қауымдастығы құрылды. Бұл жаңалық жуырда ғана жария болды. Қауымдастықтың ресми құжаттары әзірлік үстінде. Дегенмен, аталмыш қауымдастық мүшелері қазірдің өзінде біраз белестерді бағындырып үлгірген. Солардың бірі, жеке кәсіпкер әрі триатлонмен әуестенуші – Қанат Сағымбаев.

Қанат Сағымбаевтың триатлонмен шұғылданып жүргеніне бір-екі жылдың айналасы ғана. Қысқа мерзімде дегенмен біршама нәтижеге де қол жеткізіп үлгірген. Нұр-Сұлтан қаласында мамыр айында  өткен марафонда 42 шақырым 195 метр қашықтықты тәп-тәуір көрсеткішпен еңсерген.

Салыстыру үшін айта кетейік, 42 шақырым 195 метрлік марафонның әлемдік рекорды – 2 сағат 2 минут, бұл межені қара құрлық өкілі Германия төрінде орнатқан. Бұқаралық спорттың, соның ішінде велоспорттың ауқымы кеңейсін дейтіндердің сапындағы Қанат Сағымбаев алдағы күндері Нұр-Сұлтанда өтетін кезекті марафонды 4 сағатта еңсермекке дайындық үстінде. Ал Қостанайдағы велошабандоздардың қауымдастығы биылғы Жеңіс күнінің құрметіне қоғамдық велошеру ұйымдастырса, қазан айына қарай Наурызым қорығын бетке алмақ. 

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...