ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

БОЗ КІЛЕМДЕ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

20:47, 15 наурыз 2019

Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдары қазақ күресінен өзара мықтыларын анықтасты. Байрақты бәсекеде Алматы, Қарағанды академияларының, Астана, Петропавл, Теміртау және өзге де қалалардың мен деген балуандары күш сынасты.

Мемлекет басшысының «Жастар жылын жариялау туралы» жарлығына сәйкес, байрағын көтерген бұл бәсекеде Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары бақ сынасуда. Басты мақсат - ұлттық қазақ күресінің мәртебесін аспандатып, жастарды саламатты өмір салтына баулу.

Болашақ заң сақшыларының республикалық белдесуіне Алматы және Қарағанды академияларынан бөлек Алматы қалалық «Динамо» спорт қауымдастығының саңлақтары, Астана, Петропавл, Теміртау, Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан келген кіл мықтылар сынға түсті.

ҚР ІІМ тікелей бұйрығымен басталған спартакиада Қостанайда жалауын көтеріп, Алматыда жалғасын тауып, Қарағандыда түйінделетін болады.

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚ БАРЫСЫ: Т.ЖИЕНТАЕВ КҮМІС БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ
20:35, 29 мамыр 2019
ХАЛЫҚ БАРЫСЫ: Т.ЖИЕНТАЕВ КҮМІС БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ
Толығырақ...
МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
20:27, 20 мамыр 2019
МУАЙ-ТАЙ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...