ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

20:17, 3 наурыз 2020

Қостанайда бокстан республикалық турнир жалауын көтерді. Биылғы шара спорт саласына елеулі үлес қосқан бапкер Валерий Никулинді еске алуға арналған. Бірнеше күнге созылатын айтулы додаға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысуда.

Тобыл өңірінің төрінде тігілген шаршы алаңда өнер көрсетуге ел аумағынан бөлек 4 елдің боксшылары да арнайы келген. Жұдырықтасушылардың 3 раундтық кездесулеріне қазылық етуге еліміздегі білікті төрешілер тобы шақырылған. Дәстүрге айналған турнир талай тегеурінді жастың атақ даңқын шығарды.

Бокс додасына қатысушы мемлекеттердің екінші құрамы келді. Себебі, негізгі құрам Иордания елінде өтіп жатқан лицензиялық турнирде өз бақтарын сынауда. Олардың қатыспауы,бұл турнирдің деңгейін түсірмейді. Себебі арасында Азия чемпиондары, әлем біріншілігінің жүлдегерлері, сондай-ақ, Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуға үміткер боксшылар бар.

Қостанай боксы 90-шы жылдардан бері дамып келеді.  Ерік Хакімов, Александр Мирошниченко сынды саңлақтар халықаралық ареналарда атой салып, Тобыл өңіріндегі осы спорт түрінің дамуына үлес қосқан болатын. Міне осы намысты қолдан бермейтін қайсар қазақ жігіттерінің жетістіктері қазіргі күні әлемге танылуда.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...