ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ДАМУДА

20:52, 10 қыркүйек 2020

Амангелді ауданында балалар мен жасөспірімдердің 80 пайызға жуығы спортпен шұғылданады. Бұқаралық спортты дамытуға жергілікті кәсіпкерлер де атсалысуда. Соңғы 3 жыл ішінде 8 нысан пайдалануға берілген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл жұмыстар биыл да жалғасады.

Бұқаралық спортты дамытуда шешілмеген мәселе бұған дейін аз болмады. Спорт залдардың материалдық-техникалық жағдайының нашарлығы, осы салада білікті кадр тапшылығы, тағысын тағы. Ал, қазір жағдай басқаша. Шалғай елді мекендердің өзінде аталған проблемалар біржақты етілді. Мәселен, Амангелді ауданында бюджет қаржысына орталық стадионда күрделі жөндеу жүргізілді. Мұнда футбол алаңы, жүгіру жолдары жаңартылып, баскетбол және волейбол алаңдары ел игілігіне жаратылды. Жоба құны – 52 млн теңге.

Бүгінгі күні аудан орталығында 8 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Қазына қаражатынан бөлек, іскер азаматтар бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлген. Тағы 2 нысан жуық арада пайдалануға беріледі. 

Тағы бір тұрғындардың асыға күтіп жүргендері - жабық жүзу бассейні. Оған да демеушілер қолдау көрсеткен. Сәтін салса, желтоқсан айында құрылысы аяқталады.  

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...