ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ СПОРТЫ ДАМУДА

20:29, 24 ақпан 2020

Бұқаралық спорт ауыл-аймақта да дамуда. Ұзынкөлде спорттың бірнеше түрі бойынша жарыс ұйымдастырылды. Шара, ауған соғысында қаза таптқан интернационалист-жауынгер Вячеслав Леновты еске алуға арналды.

Вячеслав Леонов Троебрат ауылында туған. Қорған қаласындағы техникалық  училищені аяқтап, Ауғанстанда әскери борышын өтеген. Жауынгерлік тапсырманы орындау барысында мерт болды. Вячеслав Вицентович отырған тікұшақты жаудың зымыраны құлатқан. Майдандас достары оның нағыз батыр екенін айтып, еске алысты. Кеңес Одағы  орденінің иегері.

Бұдан соң спорттық жарыстар басталды. Аудан әкімі қатысушыларға сәттілік тілеп, осындай сайыстар жыл бойы Ұзынкөл ауданының барлық ауылдарында ұйымдастырылатын айтты.

Алғаш болып Троебрат және Обаған ауылдарының баскетбол командасы алаңға шықты.Екі жақ та ширақ ойын көрсетті. Дегенмен, алан иелерінің басымдығы анық байқалып тұрды. Кездесу нәтижесі бойынша Троебрат ауылының командасы  ірі есеппен жеңіске жетті.  Жалпы бұл турнирге ерлер  арасында 6, қыздар арасында 4 команда бақ сынады.

Сондай-ақ, ауыл әкімдерінің арасында пневматикалық қарудан ату жарысы өтті. Турнирде 11 қатысушы бақ сынады. Жеңімпаз 3 есепсіз, 10 есепті ату бойынша таңдалды.  

Жоғары деңгейде өткен жарыс келесі жылы да жалғаспақ.  

Тақырып бойынша материалдар

НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
20:08, 16 наурыз 2020
НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар