ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АТ СПОРТЫ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

21:01, 7 қазан 2019

Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында көктем айында бастау алған 2019 жылғы ат спорты маусымының жабылуы өтті. Облысымыздың түкпір түкпірінен келген үздік 30 споршы бас жүлде үшін өз өнерлерін ортаға салды. Онда келген қонақтар көкпар, аударыспақ бойынша жарыстар және қыз қуу, теңге алу, жамбы ату секілді ұлттық ойын түрлерін тамашалады.

Облысымызда ұлттық спорт түрлерін дамыту жолға қойылған. Көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. Жалпы, өңірде мыңнан астам адам ат спортымен айналысады. Осы жылы Амангелді, Әулиекөл, Жітіқара,Жангелдин аудандарында облыстық дәрежедегі ашық чемпионаттар өткізілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов ат спорты дамып келе жатқанын атап өтті.

Бұл осы жылғы соңғы жарыс болғандықтан шабандоздар бірнеше қашықтықты еңсеріп, жақсы нәтиже көрсетуі керек. Облыстық жасөспірімдер ұлттық спорт мектеп директорының сөзінше, жыл қорытындысына арналған ат спорты ойындары жоғары деңгейде өтуде.

Жарыс маусымының басты жүлдесі болған автокөлік Қостанай облысының шабандоздарына бұйырды. Айта кетерлігі биылғы жылы облыстық көлемде осындай 4 ат жарыс өтті. Соңғы жылдары бәсекелестік деңгейі жоғарылап келеді дейді ұйымдастырушылар.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
20:08, 16 наурыз 2020
НАДЕЖДА РЯБЕЦ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар