ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«АСТАНА» – СУПЕРКУБОК ИЕГЕРІ

20:38, 2 наурыз 2020

Өткен сенбі күні Қазақстанның кезекті футбол маусымы басталды. Жылдың алғашқы ресми матчында былтырғы ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері «Қайсар» Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. Осы және өзгеде спорт жаңалықтары келесі бейнематериалда.

Биылғы маусымды жаңа бас бапкермен бастаған «Астана» клубы әдетінен жаңылмай, жылды жеңіспен бастады. Олай деуге негізгі себеп, елорда командасы осымен үшінші жыл қатарынан Суперкубок бәсекесінде ешкімге дес бермей келеді. Қостанайда өткен матчта ұлттық құрама мен «Астана» тізгінін қолына алған чех Михал Билектің шәкірттері «Қайсар» командасын 1:0 есебімен жеңіп кетті. Ойындағы жалғыз голды матчтың 40-минутында «Астана» командасына маусым аралық үзілісте қосылған кипрлік Пиерос Сотириу соқты. «Қайсар» футболшылары екінші таймда есепті теңестіруге қанша ұмтылғанымен, бұл ойында оларға гол соғу бақыты бұйырмаған екен. Командаларды марапаттау рәсімінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков қатысты.

Осылайша, елорда командасы Қазақстан тарихында ел Суперкубогын қатарынан үшінші, жалпы бесінші рет иеленген жалғыз команда атанды. «Астана» бұған дейін 2011, 2015, 2018 және 2019 жылдары топ жарған болатын. Өткен маусымда «Астана» ел чемпионы атанса, «Қайсар» Қазақстан кубогын иеленген еді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...