Айды аспанға шығарған «Барселона» Европа чемпионы ма?

Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар. Соңғы ойынға дейін «Барселонаның» ойыны тоза бастады дегендер ойын өзгертуге мәжбүр болды. Француздардың азулы құрамасын 6:1 мен ойсырата жеңген каталондықтар бұл жеңістен кейін Европа чемпионы болмаса сағы сынары анық.

14:34, 10 наурыз 2017   196

Париждегі бірінші ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде «Барселона» серкесі Месси мен бас бапкер арасында кейбір түсінбеушілік болғанын испан баспасөдері жазды. Сол ойынға Месси алаңға Луис Энрике шығарған құрамамен келіспейтінін және гол соғатын жақсы мүмкіндікті жіберіп алған Андре Гомешті бекерге шығарғанын сынады. Шынында да, сол кездесуде «Барселонаның» ойыны жүрмеді. Онсыз да испан ла-лигасында да жоқ жерден ұпай жоғалтып жүрген командаға бұл оқиға отқа май құйғандай әсер етті. Амал жоқ, содан кейін бас бапкер өзін маусым аяқталғаннан кейін «отставкаға» кететінін жариялады. Футболдағы бір тендеция-құбылыс - бас бапкер кетсе немесе кетем десе, алаңда ойыншылар аяқ астынан барын салып ойнап кетеді. Былтырғы ағылшын чемпионы «Лестер» құрамасының бас бапкері қалай кетті, солай ойыны жанданып, қарсыластарын ойсаратты. Тіпті бұл отқа «Ливерпульде» күйіп қалған болатын.  Сол секілді каталондықтар да Луис Энрике кетем деп еді, қарсыластарының қақпасына гол жаудырды.

Соңғы үш ойында 17 гол соққан «Барселона» енді чемпиондар лигасын ұтуды көздейді.  Париждіктерден 4:0 есебінен кейін келесі айналымға өте алған Месси бастаған топ жеңімпаз атанбаса тіпті ұят секілді.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44