ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТУ

20:09, 13 наурыз 2020

Есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген велошабандоз Қостанай қаласынан Науырзым ауданына дейін велосипедпен жүріп өтпек. Жолдың ұзақтығы 175 шақырым. 62 жастағы Балғабай Құлпейісов бұл жолғы шараны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнағалы отыр.

Балғабай Көпжасарұлы бала кезінен бастап салауатты өмір салтын таңдағанын айтады. Әуесқой спорттық мансабын грек-рим күресінен бастаған ол, спорттың бірнеше түрімен шұғылданған. Қазір велоспортты серік етеді. Жасы алпыстан асқан. Бұл жолғы сапарын Қостанай қаласының орталық алаңынан бастады. Наурызым ауданына дейінгі 175 шақырымдық жолды қос аяқты арбамен бағындырмақ.

Әуесқой саяхатшы алдағы уақытта еліміздің бүкіл аймақтарын велосипедпен араламақ.  Көрікті жерлерді насихаттап, ішкі туризмді дамытуға үлес қоспақ. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...