ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

200-ГЕ ЖУЫҚ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

21:05, 7 қазан 2019

Қостанайда веложарыс өтті. Облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен жарысқа 200-ге жуық велошабандоз қатысты.

Шараға оқу орындарының студенттерімен қатар әр түрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша вело жарыс қаламызда алғаш ұйымдастырылса да қатысушылардың саны едәуір.

Жарыс орталықтан бастау алып ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсаринның кесенесіне келіп тоқтады. Спорттық жарысты қала тұрғындарымен бірге жүріп өткен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев кесене алдында сөз сөйлеп барлық ұстаздарды мерекемен құттықтады.

Шараға өз итімен қатысқандар да болды. Солардың бірі Валерий есімді вело шабандоз. Оның айтуынша бұл байкджоринг деп аталатын спорт түрі. Байкджоринг бұл итті велосипедке байлау арқылы орындалады.

Велошеру қызықты флешмобпен жалғасты, онда қатысушылар облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевпен бірге барлық ұстаздарды мерекемен құттықтады.

Велошабандоздар 15 шақырым қашықтықты артқа тастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жағалауда мәре сызығын кесті. Алғашқы келген қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
20:55, 18 қазан 2019
СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
21:01, 16 қазан 2019
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...