ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20:08, 20 ақпан 2020

Баспанаңызда құрт-құмырсқа пайда болғанда залалсыздандыру жұмыстарын қалай жүргізу керек? Себебі, үйдегі жәндіктерді улау адам өліміне әкелуі мүмкін екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Ақтау қаласында осындай олқылықтың кесірінен екі адам зардап шеккені белгілі. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында санэпидемиолог дәрігерлер рейд жүргізді. Шара барысында тұрғындарға зиянды жәндіктерді жоюдың жолдары түсіндірілген жадынамалар таратылды.

Зейнеткер Тамара Бондарь Гоголь көшесіндегі  баспаналардың бірінде тұрады.  Санитарлық дәрігерлер мен тұрғын үй пәтер иелері кооперативі  өкілдері алдымен осы пәтерге  бас сұқты.  Қарияға баспанасында  зиянкес жәндіктер пайда болған жағдайда қалай залалсыздандыру  керектігін  түсіндірді.

Тамара Бондарьдің  сөзін көршісі  Анастасия Фролова да қолдайды. Пәтерінде құрт- құмырсқа пайда болғанда  залалсыздандыру жұмыстарын ол да  өз бетінше жүргізбейді екен.    Себебі, үйдегі жәндіктерді улау адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 апта бұрын Ақтау қаласында  екі әйел  жәндіктерден тазарту үшін қолданылатын препараттан уланды. Тексеру нәтижесінде,  зардап шеккендердің   көршісі  баспанасында  өз бетінше қандаланы улағаны анықталды. Оқыс оқиғалардың  алдын алу мақсатында санэпидемиолог дәрігерлер рейд шарасын ұйымдастырды.

Тұрғындар қауіпсіздік шараларын қаперде сақтауы тиіс.  Мысалы, «Арман» пәтер иелері кооперативі  залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындармен  келісім -  шарт  жасап қойған. 

Жалпы баспанада жәндіктерді улағаннан  кейін үйдің  терезелерін ашып, ауа жіберу  керек. Мамандар  тұрғындарға санитарлық жұмыстар жүргізудің барлық ережелерін бүге шүгесіне дейін  түсіндірді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...