ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН

20:50, 17 қыркүйек 2020

Қостанай облысында таяуда екі балықшы қайығы аударылып, суға кетіп қайтыс болды. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбас үшін, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтап, мейлінше сақ болуға шақырады. Себебі, күз түсіп, күн суытса да, қайықпен балық аулап, басын қатерге тігетіндер азаймай отыр.

Дүниежүзі бойынша суға батып кетіп көз жұму жазатайым жағдайлар ішінде 3-ші орында екен. Қарапайым ғана  қағидаларды ескермеудің салдары бұл.  Жыл басынан бері облыс бойынша 21 адам тілсіз жаудың құрбаны болған, оның төртеуі бала.  

Шомылу маусымы басталғалы бері азаматтық қорғау органдары 2368 рейдтік шараларды өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Оның барысында 31 мыңнан астам адамға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі ескертіліп, 36 800 үн-парақ таратылды.
 

Осы тұрғыда төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Яғни, су айдындарына шыққан кезде, құтқару кеудешелерін киіп, өздерімен бірге байланыс құралдарын алуға кеңес береді.Сонымен қатар ата-аналар   балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.


Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...