ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

Жұмыссыздықты жою жұмысы жүйелі жүргізілуде

18:34, 12 шілде 2017

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы облыс аумағында қарқынды жүргізілуде. Ортақ тапсырманы орындауға жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама аясында Тобыл өңірінде тындырылған іс тау-төбе.

Өткен жылы өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай орындалды. Оған қазына қаражатынан 6,8 млрд. теңге бөлініп, 2891 жаңа жұмыс орындары ашылды. Нәтижесінде, 1545 аймақ азаматы жұмысқа орналасты деп мәлімет берді  сала мамандары.

Ал, биылғы жылы бағдарламаны іске асыруға 5,8 млрд теңге қаражат қарастырылған. Басқарма өкілдері баяндағандай, осы жылдың бірінші мамырына дейін 1613 азамат қоғамдық жұмысқа, 612 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып үлгерген. Жалпы, биыл 1838 адамды жұмысқа орналастыру көзделген. Негізі бағдарлама 3 бағыт бойынша жұмыс істейді.           

Берекелі бағдарлама бабымен дипломын енді алған жоғарғы оқу орыны түлектері де жұмысқа орналасуда. «Жастар практикасы» бойынша биыл 148 азамат еңбекке тартылған.  Бір айта кетерлік жайт, бұрын «Жастар практикасында» жұмыс істегендер 18 АЕК көлемінде жалақы алса, қазір еткен еңбегінің жемісі 25 АЕК дейін көтерілгендігін жеткізді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ 3 БАСҚАРМАМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАСТЫ
20:44, 15 маусым 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ 3 БАСҚАРМАМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАСТЫ
Толығырақ...
ШЕКАРАЛАС АУМАҚТАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
20:30, 15 маусым 2018
ШЕКАРАЛАС АУМАҚТАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТЖД ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ
18:15, 15 маусым 2018
ТЖД ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ
20:39, 13 маусым 2018
БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ
Толығырақ...
«MEN QAZAQPYN». ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
19:18, 13 маусым 2018
«MEN QAZAQPYN». ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...