ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДАР «БАСТАУ БИЗНЕС» КУРСТАРЫН ОНЛАЙН ОҚИ АЛАДЫ

20:36, 11 ақпан 2020

Биыл жұмыссыздар «Бастау Бизнес» курсы бойынша кәсіпкерлік негіздерін қашықтықтан оқи алады. Онлайн сабаққа облыстың 400-ден астам тұрғыны қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы жоспар бойынша, осы жылы барлығы 1600-ге жуық жұмыссыз әрі өзін-өзі еңбекпен қамтығандар бизнес туралы білімін молайтады. Өткен жылы курс түлектерінің ішінен 1218 адам бизнес ашып, кейбірі кәсібін кеңейткен. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан «Бастау Бизнес» тегін курстарында оқуға өтінімдер жинауды бастады. Бұл жерде кәсіпкерлікті жүргізу негіздерін оқып үйренеді. Сондай-ақ, тренерлер бухгалтерлік және салық есептерін жүргізуге, бизнес-жоспарын жазуға көмектеседі. Ал, курс түлегінің қолындағы сертификат – бизнес ашуға немесе кеңейтуге жеңілдетілген несие, грант ұтып алуға берілген мүмкіндік.

2019 жылы «Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкер» курстарында 4040 адам оқыған. Оның 2899-ы аудандық, қалалық комиссиялардың алдында бизнес-жоспарларын қорғап шықты. Қазірге дейін несие алып немесе грант бәйгесінде бағы жанғандар – 1218 адам. 2020 жылы шамамен үш есе кем – 1611 адам тартылмақ. Соның 421-і қашықтықтан, онлайн әдіспен оқытылады. Жоспар бойынша, олардың кем дегенде 30 пайызы – 483  түлек кәсіп ашуы немесе кеңейтуі тиіс.

Курстың алғашқы легі наурыз айында басталады. Биылғы тыңдаушылардың 3-тен екісі жастар мен аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер болмақ. Олар жұмыспен қамту орталықтары арқылы іріктеліп алынады.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...