ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

20:29, 18 наурыз 2020

Өңірлік коммуникациялар қызметінде еңбек инспекциясының және кәсіподақ орталығының басшысы коронавирустық инфекцияға жол бермеуге негізделген шараларды жүзеге асыру тақырыбында брифинг өткізді. Онлайн форматта өрбіген басқосу барысында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұмысшылар құқығының сақталу тәртібі түсіндірілді.

Еліміздің Кәсіподақтар Федерациясымен жұмысшылар құқығының сақталуын өз бақылауына алатын жедел штаб құрылған болатын. Бұл ретте сала мамандары тұрғындар денсаулығына қатысты қауіпсіздік шараларын бірінші орынға қойып отыр. Кәсіподақтар жұмысы тоқтамайды, бірақ, басқа салалардағыдай қызметтері қашықтықтан атқарылатын болады. 

Қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын облыстық еңбек инспекциясы өкілдері де мейлінше мақұлдап отыр. Осыған орай, аталған ведомство мамандары шағын және орта кәсіпорындарға, мүмкіндігінше, қашықтықтан жұмыс істеу кестесін енгізуге кеңес береді.

Жұмысшылар өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында Еңбек инспекциясының және кәсіподақ орталығының мамандарынан тегін заңгерлік кеңес алуға құқылы. Осыған орай, қос ведомствоның ресми сайттары кез келген уақытта  жолданған сауалдарға онлайн форматта жауап беретін болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...