ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

Жұмысшы жастар форумы

20:40, 13 қараша 2017

Елбасының еңбек қоғамына қарай 20 қадам идеясын жастар қолдайды. Қостанайда, «Жастарға өндірісте жол ашық» тақырыбында жұмысшы жастардың облыстық форумы өтті. Мақсат - еліміздегі үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама аясында ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастырып, санын арттыру.

Қандай да бір кәсіпорынға тың идеялар, бастамалар әкелетін - бұл жастар қауымы. Жұмысшы жастардың кезекті облыстық форумы осындай ұранмен өтуде. Әсіресе, өндіріс нысандарында олардың қатарын арттыру маңызды. Себебі, тәжірибелі, білікті кадрлардың ізін басатын жас мамандар тапшы. Даярлайтын ұстаз болғанымен, шәкірт жоқ. Форумға қатысқандар осы мәселе төңірегінде ойларын ортаға салды.

Ал, Лисаков қаласындағы Краснооктябрь боксит кеніші басқармасы жастарды мейлінше жұмыспен қамтуды басты назарда ұстайды. Бүгінде кәсіпорында 2200 адам еңбек етсе, оның 25 пайызы жастар. Басқарма ішінен былтыр құрылған «Жастар одағы» аз уақыттың ішінде бірталай іс тындырып үлгерді. Жастардың өндіріске деген қызығушылығын оятып, оларды еңбек орнына тез арада дағдыландыру жағын бір жүйеге келтірді.         

Елімізде Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында көптеген өндіріс ошақтары ашылуда. Ал олардағы еңбек күші бүгінгі жастар. Сондықтан жұмысшы мамандығының беделін көтеру бәрімізге жүктелген ортақ міндет, - деді форумға жиналған.         

Тақырып бойынша материалдар

23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КҮНІ
18:09, 22 маусым 2018
23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
18:19, 20 маусым 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
18:13, 20 маусым 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...