ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

20:30, 29 маусым 2020

2017-ші жылдан бері ел көлемінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты - халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, табысын молайтуға оң жағдай жасау. Бұл оқуын жуырда аяқтаған жастар мен жұмыссыз жүрген тұрғындар үшін өте тиімді.

Надежда Прохладская «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көрген аудан тұрғындарының бірі. Ол былтыр жергілікті жердегі орташа білім беру мекемесінен түлеп ұшып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының жөн сілтеуі бойынша жұмысқа орналасты. Алты айға жоспарланған «Жастар практикасы» жобасының арқасында кешегі студент бүгін білдей бір мекемеде еңбек етеді.

Ал, Берік Қалмұраттың жұмысқа орналасуы - тіптен бөлек әңгіме. Ол Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аулару бағдарламасы бойынша Сарыкөл ауданына көшіп келген. Қазіргі күні әкім болып қызмет атқарады. Жылдан астам уақыт аудан тұрғыны аталған ол бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің қыр-сырына қанығып үлгерген.

Жалпы, ауданда жұмыссыздықты жоюға бағытталған бағдарлама сәтті орындалып келеді. Барлық үш бағыт бойынша өсім бар. Кешенді іс-шаралардың арқасында көздеген нәтижеге кезең-кезеңімен қол жеткізіп келеміз, - дейді мамандар.

Бағдарламаның 2-ші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Осы орайда «Бастау- бизнес» жобасы бойынша биыл 60 адам кәсіпкерлік негізін меңгермек. Қазір олардың 24-і  оқуға жіберілген. Үш адамға 200 АЕК дейінгі қайтарымсыз грант беру мақұлданып отыр. Әлеуметтік жұмыс орындарында – 8 тұрғын, жастар практикасында – 9 түлек, қоғамдық жұмыс орындарында  - 31 адам тұрақты түрде еңбек етіп келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар