ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ

20:30, 2 наурыз 2020

Жұмыс істеп, табыс табу, шәкіртақы және қайтарымсыз грант алып, ең төмен пайыздық мөлшерлемемен несие рәсімдеу. Бұл аталғандар - «Еңбек» бағдарламасының ел тұрғындарына ұсынған тиімді тетіктері. Осы мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалана білгендер осы күні екі қолға бір күрек тауып, ел қатарлы өнімді еңбек етіп жүр. Жұмыссыздықты жоюға бағытталған бағдарлама биыл қосымша тың жобалар әзірледі. Ол жаңашылдықтар тұрғындардың бірнеше мәселесін шешуге оң ықпал етеді дейді жауапты сала мамандары.

Биыл бұқара үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше жаңа жоба ұсынып отыр. Халықты нәтижелі жұмыспен қамтып, елде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында 

«Ұрпақтар келiсiмшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жобалар жұмыссыз адамды еңбекпен қамтамасыз етуге сүбелі септігін тигізбек.

Ал, «Ұрпақтар келiсiмшарты» жобасын зейнетке шығуға екі жыл уақыты бар егде жастағылар, көпбалалы немесе табысы аз отбасылардың еңбекке қабiлеттi мүшелерi мен еңбекке қабiлеттi мүгедектер өз игілігіне пайдалана алады.

«Ұрпақтар келiсiмшарты» жобасы бойынша жұмыс берушi халықты жергілікті жұмыспен қамту орталығымен жасасқан келісімшарт негiзiнде «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемiнде 18 айға тұрақты жұмыс орнына орналастырады. Бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшiн еңбекақы төлеудi субсидиялайды. Жұмыс табудың жаңа мүмкіндіктері жайлы кеңірек «Еңбек. Кз» сайтынан біле аласыздар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...