ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСУДА

20:30, 10 шілде 2020

Карантин жағдайына қарамастан өңірде мемлекеттік бағдарламалар жалғасын тауып жатыр. Меңдіқара ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба аясында тұрақты түрде еңбекпен қамтылған тұрғындардың саны артқан.

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы экономиканы еселеуге елеулі үлес қосып келеді. Осы орайда жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына жүгінетіндердің қатары уақыт өткен сайын көбеюде. Олар мемлекет ұсынған мүмкіндікті мүлт жібермей, қолдарынан келер іспен айналысып жүр.  

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Біріншісі, 3 айлық қысқа мерзімді оқу. Екінші бағыт, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, яғни, жеке кәсіп ашқысы келетіндерге шағын несие беру. Соңғысы, тұрақты және уақытша жұмыс орындары. Оларға: 6 айлық жастар тәжірибесі, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындары мен бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударулары тәрізді тармақтар кіреді.

2021-ші жылға дейін жалғасатын жоба қазірдің өзінде-ақ көлемді көрсеткішке ие. Оған облыста атқарылып жатқан шаралар мен жұмыс тапқан елді мекен азаматтары дәлел. Меңдіқара ауданының тұрғындары да өздерінің тұрақты түрде еңбекпен қамтылуларын осы мемлекеттік бағдарламамен тығыз байланыстырады.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...